Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

Машиналар

Брендті таңдау

«Борусан Макина Қазақстан» компаниясы Қазақстан аумағында Metso компаниясының ресми дилері болып табылады.

Metso компаниясы мердігерлік, карьерлік және ашық әзірлемелер үшін аса кең ассортимент ұсынады. Lokotrack сенімді ұсақтағыш құрылғыларын пайдалана отырып, сіз толық өзі жүретін және Өзіңіздің кез келген талаптарыңызға жауап беретін тәуелсіз ұтқыр кешен жасайсыз.

Lokotrack ұсақтағыш жабдық сериясы мердігерлік, карьерлік және ашық әзірлемелер үшін арнайы әзірленген шынжыр табанды құрылғылардың кең қатарынан құралады. Құрылғылар өнімділігі жоғары қуатты Metso қоректендіргіштері және гүрсілдерімен жиынтықталады, мұның өзі кез келген жынысты немесе кенді қайта өңдеу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Дөңгелекті тартқыштармен тасымалданатын кәдімгі ұсақтағыш құрылғылар паркінленталы конвейері бар LT сериялы  Lokotrack  ірі ұсақтағыш құрылғылармен карьерде жұмыс істеуге арналған толық мобильді қрылғыларға ауыстыру  пайдалану шығындарын едәуір азайтады.Сондай-ақ осылай ауыстыру қоршаған ортаға зиянды әсер ету деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

LT сериялы  Lokotrack  ұсақтағыш құрылғылары карьер кемеріне жақын жұмыс істей аалды, сондықтан экскаватор немесе дөңгелекті тиегіштің операторы бүкіл ұсақтау үдерісін бақылай алады. Мұның өзі жұмыстың өзіндік құны мен жұмыс жүктемесін азайта түседі.

Толтырғыштар өндіру үшін LT сериялы сақтау құрылғылары екі немесе үш сатылы болуы мүмкін.Ашық әзірлемелер мен кен жұмыстары үшін LT сериялы Nordberg ұсақтағыштары  LL сериялы конвейерлермен және MAF (мобильді пластинкалы қоректендіргіш) машиналарымен толықтырылған.

Сіз толық ақпаратты +7 701 0951 98 07 (Владимир Дорошенко); +7 701 803 04 86 (Маргарита Курилова) телефондарынан, сондай-ақ 8 8000 800 228 тегін шұғыл желі телефонынан алуға болады

Суретттер бойынша барлық құқықтар Metso Corporation-ге тиесілі