Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

AccuGrade нивелирлеу жүйесі

Caterpillar өкілдіктері   SITECH  бөлімшелерімен – GPS/ГЛОНАСС  спутниктік сигналдары бойынша орналасқан жерді анықтау жүйелерін, сондай-ақ геодезиялық құралдарды (тахеометрлер, нивелирлер, спутниктік қабылдағыштар және т.б.)  әзірлеу саласындағы әлемдік көшбасшы – Trimble компаниясының делдалдарыменбірлесіп жұмыс жасайды. 


Trimble компаниясы машиналарды басқарудың барынша функцияоналдық жүйесін әзірледі. Бұл жүйелерде деректерді басқару, бағдарламалық қамтамасыз ету құралын жасау, объектілерді  жайғастыру және инфрақұрылымды қамтамасыз етудегі Trimble  компаниясынан машиналарды басқару құралдарын әзірлеудің бірлескен тәжірибесі, сондай-ақ ауыр техниканы құрылыста пайдалану жөніндегі  Caterpillar  тәжірибесі толығымен іске асырылған. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі 2002 жылы AccuGrade  техниканы басқару құралдарын әзірлеумен айналысатын Caterpillar Trimble Control Technologies (CTCT) бірлескен кәсіпорнының құрылуы болды. 

AccuGrade жүйесі тапсырыс берушіге  машинаның өнімділігін  40%-ға арттыруға, сонымен бірге шығындарды айтарлықтай қысқарту мүмкіндігін береді,машинаның пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ оны басқару дәрежесін жақсартуға мүмкіндік береді. Интеграцияланған датчиктерді, сымдар жүйесі мен гидравликаны зауыттан орнату – бұл  машинаны көлденең еңіс датчиктері, ультрадыбыстық сенсорлар, жазық беттерді лазерлік жасаушылар және лазерлі қабылдағыштар, GPS/ГЛОНАСС спутниктерін пайдаланумен 3D  шешімдер немесе роботталған тахеометрмен шешімдер секілді түрлі типтегі жүйелермен жабдықтауға мүмкіндік беретін Caterpillar компаниясынан ұсынылған революциялық шешім болып табылады. 

Біз өз клиенттеріміздің өнімділігі мен экономикалық тиімділігі машинаның қаншалықты нақты және жылдам жұмыс істеуіне байланысты екенін түсінеміз. Нақты құрылыс алаңының күрделі жағдайларында еңбектің жоғары қарқындылығы кезінде, машиналардың қайырмасын  жобаланған межеде нақты ұстап тұру міндеті ерекше өзектене түседі.  Сондықтан біз AccuGrade Автоматты Басқару Жүйелерін ұсынамыз, олар: машинаны жұмыс органын (қайырма, шөміш, каток барабаны, фрезер плитасы және т.б.) автоматты режимде жобалық межеде ұстап тұруға, операторға жобаның сандық моделімен тікелей машинаның кабинасынан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстардың нақтылығын арттыруға, қайта жасауларды азайтуға, техниканың қызмет ету мерзімін ұзартуға, құрылыс материалдарынан үнемдеуге, техникаға қызмет көрсету шығындарын азайтуға және айтарлықтай мөлшерде жекелеген геодезиялық жұмыстардан бас тартуға мүмкіндік береді. 


ТЕХНИКАНЫҢ АЛУАН ТҮРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ACCUGRADE™  АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: 

Грейдерлер үшін: кітапшаны жүктеу
Экскаваторлар үшін: кітапшаны жүктеу
Асфальт төсегіштер үшін: кітапшаны жүктеу
Жол фрезерлері үшін: кітапшаны жүктеу
Бульдозерлер үшін: кітапшаны жүктеу
Асфальтты тегістегіштер үшін: кітапшаны жүктеу
Топырақты тегістегіштер үшін: кітапшаны жүктеу


: 8 701 763 97 61
: 8 701 054 32 92
: 8 8000 800 228