Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

Компоненттерді қалпына келтіру орталығы

Caterpillar техникасы  - бұл машинаның  барлық жұмыс істеу айналымының ішінде  тораптары бірнеше мәрте қалпына келтірілуі мүмкін техника, осылайша Сіз Өз жабдығыңыздың ең жоғары өнімділігі мен сенімділігінен пайда аласыз. 


ЖК Борусан Макина Қазақстан ЖШС Компоненттерді қалпына келтіру орталығы(КҚО). Caterpillar  техникасының иелеріне жөндеу жұмыстарында озық тәжірибені пайдаланудың арқасында компоненттердің тиімді қызмет ету мерзіміне және олардың сенімділігіне қол жеткізуге көмектеседі. 

КҚО  ауыр техниканың ең ірі өндірушісінің негізгі тораптарын жөндеу мен қалпына келтіру үшін барлық қажеттімен жабдықталған,  сонымен бірге жұмыс орнының қауіпсіздігі, сапасы мен тазалығы бойынша Caterpillar стандарттарына толығымен сәйкес келеді. 

Ашылған кезінен бастап  бұл жерде жұмыс орнының тазалығына үлкен көңіл бөлінеді, бұған пайдалану сұйықтықтарының және тораптар элементтерінің ластануын бақылау жөніндегі  Caterpillar ең жоғары бағасы болып табылатын 5 жұлдызды сертификат дәлел болып табылады. Осылайша, КҚО жұмыс орындарын мінсіз күйінде ұстаудың, оқытылған механиктердің тәжірибесінің және өзіндік қосалқы бөлшектердің үнемі болуының арқасында Сіздің машинаңызды және оның компоненттерін қалпына келтірудің жоғары сапасын көрсетеді. 

BS OHSAS 18001 Сертификаты КҚО қауіпсіздік пен денсаулықты қорғаудың халықаралық нормаларын орындайтынын мәлімдейді. 

Әрбір компонент қызмет көрсету аймағына келіп түскенге дейін мұқият тазалаудан, бөлшектеуден және жуып шаюдан өтеді.  Белгіленген механиктер тобы әрбір компонентті әзірлеуден бастап соңғы тестілеуге дейін бақылайды, осылайша жұмыста қателіктерді болдырмайды және жөндеуге кететін жалпы уақытты қысқартады. Механиктер әрбір жұмыс аймағында нақты уақыт жағдайында ақаулықтар тізімдемесін жасау үшін конструкторлық құжаттамаға тұрақты түрде қол жеткізе алады. Қосалқы бөлшектерді бақылау уақытын қысқарта отырып, қосалқы бөлшектер тікелей жөндеу аймағына жеткізіледі. 

КҚО  жалпы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажеттімен жабдықталған, сонымен бірге  қозғалтқыштарға (шығырлар,  иінді біліктер, ілгіштер және цилиндрлерді қоса алғанда), күш беру компоненттеріне, ГТР, беріліс коропкаларына, дифференциалдарға, бүйірлікбәсеңдеткіштерге және көптеген басқа да компоненттерге күрделі жөндеу жүргізу мен жүргізіп бейімдеу үшін арнайы құрал-саймандармен жабдықталған.