Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

Жаңалықтар

ШАҚЫРУ

«Mining World Central Asia 2015»

16-18 қыркүйек

Қазақстан  Республикасы, Алматы қ., «АТАКЕНТ» көрме павильоны,

 Тимирязев  көш-сі, 42

Құрметті серіктестер!

Сіздерді CATERPILLAR компаниясының жол-құрылыс саласындағы иновациялары және тау-кен байыту кешенінің әзірлемелерiн, олардың үздік зерттемелерімен таныстыруына  арналған көрмесіне шақырамыз. Сіздерді күтеміз! 

КӨРМЕ  ЖҰМЫС УАҚЫТЫ:
16 қыркүйек 2015, сәрсенбі   10.00–18.00
17 қыркүйек 2015, бейсенбі   10.00–18.00
18 қыркүйек 2015, жұма          10.00–16.00
№ D206 СТЕНД (павильонның алдында №9)




АЛМАТЫ қаласында БАС КЕҢСЕНІҢ АШЫЛУЫ


2015 жылғы 28 мамырда Алматы қаласында Борусан Макина Қазақстан компаниясы Бас кеңсесінің салтанатты ашылуы болып өтті. 

Іс-шараға 200-ге жуық қонақ қатысты – біздің компанияның тапсырыс берушілері мен серіктестері, Басқарушы директор Әли Ахмед Коджабеик мырза бастаған Borusan холдингінің жоғары басшылығы, Caterpillar компаниясының өкілдері, оның ішінде компанияның вице-президенті Найджел Льюис.

Компанияның атына қонақтар өз ыстық лебіздерін білдіріп, сөз сөйлеген салтанатың ресми бөлігі кәсіби каскадерлер мен брусандықтардың тату командасы бірге дайындаған шоу-бағдарламамен аяқталды. Талантты қызметкерлеріміз Андрей Иссаев пен Гуландун Сопахунов тиегіш-экскаваторларда вальс орындап, асқан шебер операторлар рөлін атқарып, нағыз өнер жұлдыздары атанды. Іс-шараға Англиядан келген, шағын жүк тиегіште тамылжыта ән салған әріптесіміз Tony Kinsley-ге жеке алғыс білдіргіміз келеді.  

Барлық белсенді, компанияға және өз ісіне адал қызметкерлерге алғыс айтып, оларға жаңа орында табыс тілегіміз келеді!  


 




Америка Сауда Палатасының наградасы

Борусан Макина Қазақстан ТМД-да Сертификатталған қалпына келтіру бағдарламасына ие «Инновациядағы үздіктерә атағын төртінші рет иеленіп отыр. КҚО құрумен байланысты жеке компоненттер мен тұтас машиналарды қалпына келтіру мүмкін болды.. Орталық маңызды ақша қаражатын үнемдей отырып, тапсырыс берушілерге жаңа техникамен бірдей толық қалпына келтірілген техниканы алуға мүмкнідік береді.

Технологиялық үдерістерге және оларрдың үздіксіз жетілуіне ерекше көңіл бөле отырып, БМҚ компанияның таңдалған бағытта дамуы жыл өткен сайын үздіксіз артып келеді, мұны 2009, 2010, 2012 және 2015 жылғы наградалар растайды. 




Құрметті серіктестер!

Сіздерге 'Борусан Макина Қазақстанның' бас кеңесі Алматы қаласына көшкенін және келесі мекенжайда орналасқанын хабарлағымыз келеді:

Алматы қ., 'Колхозшы' ықшам ауданы, № 12 және 12/1 учаске.

Жол схемасымен "Байланыстыр" тарауынан таныса аласыздар.

Сіздерді жаңа кеңседе көргенімізге қуанышты болмақпыз!


Caterpillar компаниясы Business Superbrands рейтингінде 31 орынды иеленеді.

2001 жылдан бастап Ұлыбританияда жетекші b2b брендтерін  айқындау мақсатында өткізілген сұрауға сәйкес, Caterpillar компаниясы супер-брэнд 2015 мәртебесін иеленді. 

Зерттеу The Centre for Brand Analysis (Брендтерді Талдау Орталығы) қолдауымен өткізілді, нәтижеде Superbrands халықаралық рейтинг сарапшыларының тәуелсіз кеңесінің еріктілерін қоса алғанда, 2000-ға жуық бизнес-сарапшыдан сұрастырылды. 

1200-ден астам бренд үш критерий бойынша бағаланды: сапа, сенімділік, ерекше өзгешелік (даралық).

SuperBrand тәуелсіз кеңесінің басшысы Стефан Челиотис былай деп түсіндіреді: “Caterpillar – бұл көп жылдық тарихы бар, өзін әлдеқашан бүкіл әлемде өз клиенттерін ұятқа қалдырмайтын, сенімді, жоғары сапалы техника жеткізуші ретінде көрсете білді. Компания берген  уәдесін растай отырып, өзінің табанды жұмысымен және клиенттерге бағытталған инновациялық қызметімен адамдардың сеніміне ие болды; бастапқыда жаңашыл бола отырып, Caterpillar компаниясы өзінің көрнекті инженерлерімен бірге ілгерілеу мен технологияны айқын бейнелей отырып, әлі күнге өз индустриясының тұмары болып келеді. Сонымен қатар компания үшін әлеуметтік жауапкершілік мәселесі маңызды болып келеді, Caterpillar Foundation қоры онымен белсенді айналысады. 

Бір сөзбен айтқанда, Caterpillar компаниясы  "Superbrands” халықаралық бренд рейтингінде өз орнын белсенді нығайтып келеді. 


2015 жылғы Superbrands брендінің ресми үздік-20: 

1. British Airways     

2. Apple                 

3. Virgin Atlantic      

4. Microsoft             

5. Visa                  

6. MasterCard 

7. Google 

8. FedEx 

9. IBM 

10. Samsung 

11. Johnson & Johnson 

12. BT 

13. Rolls-Royce Group 

14. American Express 

15. Royal Mail 

16. PayPal 

17. BP 

18. Shell 

19. Bosch  

20. Boeing 



«АлтынСапа» республикалық конкурсына қатысу 

«БорусанМакинаҚазақстан» компаниясыҚазақстан нарығындағы сервистік қызмет көрсету саласында көшбасшы болып табылады. Компания әрқашан кемелдікке және жаңа нәтижелерге жетуге ұмтылуымен ерекшеленеді, мұның өзі оның өңірлік және республикалық конкурстарға тұрақты қатысуынан көрінеді. Мәселен, 2014 жылы күзде компания еліміздің бас республикалық конкурсы «Алтын Сапаға» қатысты. 

2014 жылы компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсында марапатқа ие болды, біз үшін республикалық деңгейдегі «Алтын сапа» конкурсында да өзімізді көрсете білу ерекше маңызға ие. 

«Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШСосы конкурсқа белсене қатысқандығы үшін Елбасыдан алғыс алды. 

Болашақта біздің компания «Алтын Сапа» сыйлығын алатындығына кәміл сенеміз! 




«Ice Bucket Challenge» әлемдік акциясы шеңберінде Рабочий кентіндегі № 56 ЖОМ-ның аз қамтылған отбасынан шыққан  балаларына материалдық көмек көрсетті.

204 жылы күзде «Борусан Макина Қазақстан» компаниясы бизнес бойынша әріптестері «Ақтөбе мыс компаниясының» шақыруын қабыл алып,  «Ice Bucket Challenge» әлемдік акциясына қолдау көрсетті. Компания қызметкерлерінің командасы салқын су құйынды, соңынан бұл туралы бейне компанияның Youtube арнасына шығарылды https://www.youtube.com/watch?v=EmnqZYnF5g0.   

Осы акция шеңберінде «Борусан Макина Қазақстан» компаниясыҚарағанды облысы Рабочий кентіндегі №56 ЖОМ-ның аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларына 100 000 теңге материалдық көмек көрсетті.  № 56 ЖОМ КМК әкімшілігі көрсетілген қолдау үшін ерекше алғыстарын білдірді!







CAT® ТЕХНИКАСЫ ӘЛЕМДЕ ҚҰМНАН ЕҢ БИІК ҚАМАЛ ТҰРҒЫЗДЫ

 

Әлемдік арнайы техника өндіретін Caterpillar® өзінің BUILT FOR IT (БІРГЕ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ!) ғаламдық жарнама науқанын жалғастырып келеді. Компанияның YouTube ресми арнасында Cat техникасының Рио-де-Жанейро жағажайында әлемдегі ең биік құм қамалды қалай тұрғызғандығы туралы жаңа бейнеролик орналастырды.

Жобада 320DL және 336DL гидравликалық шынжыр табан экскаваторлары, 924К тұтас дөңгелекті тиегіші, D6N шынжыр табан бульдозері, CS54B топырақты тербелтіп нығыздауышжәне 302.5С және 303.5E CR екі шағын экскаваторы іске қосылды.

Міндет қиын әрі асқан дәлдікті қажат ететін, сондай-ақ қызық әрі өте тартымды болып шықты. Cat машиналары 734 текше метр құм өңдеді. Түпкі құм конструкциясының биіктігі 12 м 59 см-ді құрады – бұл Гиннес Рекордтар Кітабына лайық жаңа әлемдік рекорд!

Кез келген қиындықтағы жұмысты ерекше дәлдікпен орындай алатын Cat қуатты техникасын көрсететін бейнені осы жерден көруге болады:





Еуразиялық құрылыс саласының конгресі 

2 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық құрылыс саласының конгресі жұмыс бастады. Конгресс жұмысына Қазақстан, Ресей мен Беларусьтан 800 делегат, сондай-ақ Канада, АҚШ, Германия, Франция, Испания, Италия, Австрия, Финляндиямен Польшаның әлемдік жетекші компанияларының өкілдері қатысты. Конгресс саланың барлық өкілдерін – ірі құрылысшылар мен салушылардан бастап өндірушілерге, сәулетшілерге, қала салушыларға, риэлторлар мен қаржыгерлерге дейін жинады. Бұл дегеніміз - еліміздің құрылыс бағытының дамуы мен Еуразиялық одақ шеңберінде өсудің жаңа мүмкіндіктері талқыланатын алғашқы іс-шара.

«Борусан Макина  Қазақстан» мен  «CATERPILLAR» компанияларының өкілдері сондай-ақ бизнестің дамуы үшін маңызды іс-шараға қатысты