Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

Еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік саласындағы жауапкершілік саласындағы саясат

«Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС  сауда және қызмет көрсету саласында жоғары технологиялық өнімдер ұсынады: заманауи техника мен жабдық сату және сатудан кейін қызмет көрсету.Біздің компания кен ісі, автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, электр қуатын өндіру сегменттерінде өз көшбасшылығын сақтап қалуға ұмтылады. Біз қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі компанияның аса маңызды табыс кепілі болып табылатындығын жақсы түсінеміз.  Компания басшылығының саясаты персонал үшін қауіпсіздікті кепілдендіруге және барлық ықтимал жерлерде қауіпті жұмыс жағдайларын жоюға бағытталған.

«Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС басшылығының денсаулықты сақтау мен кәсіби қауіпіздік саласындағы саясаты келесі фразамен анықталады:   

Ең бастысы – қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі!

Біз барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, кез келген жұмыстың маңыздылығы мен өзіндік ерекшелігіне назар аударуға уақыт таба білеміз. «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС денсаулықты сақтау мен кәсіби қауіпіздік саласындағы саясат мақсаттарына қол жеткізуге тұрақты ұмтылып келеді:

  1. Еңбеккті қорғау, денсаулық сақтау және кәсіби қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, тапсырыс берушінің нормативтік және басқа да талаптарын сақтау.
  2. Заңдарда, заң актілерінде, бұйрықтарда, нұсқаулықтар мен жоспарларда еңбекті қорғау саласындағы талаптарды жүйелеу.
  3. Техниканы сатуда, Жұмыс өндірісінде, қызметтік көлікті пайдалануда қауіпсіздік деңгейін тұрақты жақсарту.
  4. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы міндеттерін орындау үшін, кәсіпорын комуникацияларының элементтерін құру.
  5. Еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік саласында компанияның қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсету.

ТОО ИП «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС жоғары басшылығы еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік саласындағы жауапкершілікті және OHSAS 18001 халықаралық стандартының талаптарын орындау міндеттемесін өзіне алады.

Компания персоналыәрбір жұмыс орнында қызмет тәуекелдерін бағалау негізінде өз жауапкершілігін анықтайды және әлеуетті қауіптер  туралы басшылыққа дер кезінде хабар беруге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.

 «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС Бас директоры

 

 OHSAS 18001 сертификатын жүктеп алу