Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

Lean 6 Sigma

«Өзіміздің әрбір ісімізде барлық жағдайда бір қадам алға болу» мақсатында 2002 жылдың мамыр айында «Борусан» компаниялар тобында біз  Lean 6 Sigma  әдіснамасын қолдануға кірістік… 


6 Sigma  әдіснамасы өндірістік үдерістердегі ақаулықтарды жоюға бағытталған шаралардың жүйесі ретінде пайда болған.  Оның негізгі қағидаларын 1986 жылы Motorola  компаниясы сапаны бақылау әдістерін пайдалану арқылы әзірлеген. Алғашқы 6 Sigma  Motorola, Honeywell және GeneralElectric компаниялары қолданды. 90-шы жылдардың соңына қарай  Fortune 500 тізіміне кіретін компаниялардың көпшілігі жүйені пайдаланды. 6 Sigma әдіснамасы  GeneralElectric компаниясындағы Джек Уэлштің қызметінің арқасында дүние жүзіне тарала бастады. Үнемді өндіріс   - Lean әдістемесі  Toyota компаниясында пайда болды және шығындарды болдырмаудан және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерге көңіл аударудан тұрды.  

Lean 6 Sigma әдіснамасы –бұл алдын ала табысқа жету белгіленген біздің таңдаған жолымыз, себебі әдіснаманың күші мен бірегейлілігі командалық жұмыстан, барлығының нақты деректердің негізінде шешімдер қабылдау үдерісіне жаппай қатысуынан тұрады!